Мемлекеттік қолдау: Фермерлерге — 114,7 млрд теңге

23 маусым 2024 12:00 / Новости Казахстана

Агроөнеркәсіп кешенді субсидиялауда уыл шаруашылығы министрлігі 14 бағытта шаруаларды мемлекетт тарапынан қолдап жатыр. іЕлімізде 270 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бар. Оның 18 мыңнан астамы ірі заңды тұлға, қалғаны шағын және орта шаруа қожалықтары. Қазір мемлекеттік субсидиялау жүйесінде 90 мың белсенді тіркелген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекеттік қолдау  19%-дан 32,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Шағын және орта шаруа қожалықтарында қолдау алушылар артып, өтініштердің 25 пайызы ірі заңды тұлғалар өтініші мақұлданды. Астық сақтау, жинау және кептіру үшін арзандатылған дизель отынын үлестіру қызметі де бар. Дизель отынының қалдығын бөлу, жылжыту және есепке алу автоматтандырылған.

Қазір өңірлерден 45 590 өтінім беріліп, 114,7 млрд теңгеге 20 739 өтініш мақұлданды. Қалғанын облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары қарап жатыр.  Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайып, оның сапасын арттыруға көмектесетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алуға белсене қатысып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары