Министр жасөспірімді зорлау күдігімен полицейлер ұсталғанын растады
11 желтоқсан 2023 17:07 / Новости Казахстана
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Алматыда жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы полицейлерге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін тілшілер министрден Алматыда екі полицейдің 14 жастағы жасөспірімді зорлау дерегі туралы сұрады. «Күдіктілер ұсталды ма?», - деп сұрады журналистер.
Өз кезегінде Е. Саденов мұндай факті шынымен де болғанын растады. Бұл оқиғаға қатысты шұғыл түрде қызметтік тексеріс жасалып, тәртіптік комиссияның отырысы өткен.
Осы ретте министр аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан шығарылғанын нақтылады.
«Қылмыстық іс бойынша олар қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр», - деді министр.
18 қыркүйек 2024 17:00 / Новости Казахстана
Ақмола облысында есепші ірі көлемде қаржы жымқырған
18 қыркүйек 2024 15:23 / Новости Казахстана
Қазақстанға қай елдерден туристер көп келеді
18 қыркүйек 2024 14:34 / Новости Казахстана
7 сынып оқушысы А.Байтұрсынұлы туралы мобильді қосымша жасап шығарды
18 қыркүйек 2024 14:00 / Новости Казахстана
Биыл 583 мыңға жуық көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды
18 қыркүйек 2024 13:00 / Новости Казахстана
Түркістан облысында ЖРВИ жұқтырғандар саны 43,6 пайызға жетті
18 қыркүйек 2024 12:00 / Новости Казахстана