Мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланың денесі табылды

22 желтоқсан 2023 20:57 / Новости Казахстана

Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түсіп кеткен 5 жасар баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Абай облысында өзендегі мұз опырылып, бес жасар бала суға етіп өлді. Оқыс оқиға түс кезінде Таскескен ауылында болған.

Баланың мұз астына түскенінен 3 сағат өткен соң, жергілікті еріктілер баланың денесін тапты.

Баланы табу үшін қолмен ойықтар жасалды. Баланың денесі құлау орнынан 75 метр қашықтықта табылды.

Бес жасар екі бала елдімекен шетінде орналасқан Қарақол өзенінің бетіндегі жұқа мұз үстінде ойнаған екен. Сол сәтте мұз опырылыпғ балалардың бірі суға түсіп кеткен. Ал екіншісі үлкендерден көмек сұрауға жүгіріпті. Артынша іздеу жұмысына жұмылдырылған сүңгірулер мен ауыл тұрғындары балақайдың денесін өзеннен әрең тапты. Мамандардың айтуынша, аймақтағы су қоймаларында мұз қалындығы небәрі 3 см ғана. Сондықтан өзен беті толық қатқанша тұрғындарға сырғанақ теппеуді ескертеді.


 

Серіктес жаңалықтары