Нашар интернет Қазақстанда жасанды интеллекті енгізуге кедергі болуы мүмкін
25 сәуір 2024 8:00 / Новости Казахстана
Oxford Insights cарапшыларының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстан Үкіметі жасанды интеллект технологияларын енгізуге дайындығы бойынша 193 елдің ішінде 72-орынға ие болды. Сарапшылар сондай-ақ ЖИ енгізуді қиындататын бірнеше кедергіні атады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Oxford Insights сарапшыларының атап өтуінше, интернет және цифрландырудың жоғары деңгейі Қазақстанда ЖИ-ды сәтті енгізудің негізгі факторларына айналуы мүмкін. Дегенмен, бірқатар кедергілер бар, - деп жазады Kazinform агенттігі.
- заманауи инфрақұрылымның және ЖИ үшін жеткілікті есептеу қуатының болмауы;
- ЖИ өнімдерінің техникалық қауіпсіздік стандарттарының болмауы, бұл сараптама жүргізуде қиындықтар туғызады;
- деректерге қол жеткізудің қиындатылуы;
- интернет сапасының төмен болуы;*
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамытудың белсенді ұлттық институтының болмауы;
- әлеуетті клиенттер арасында ЖИ өнімдеріне төмен сұраныс және технологияға сақтықпен қарау.
Сарапшылар сондай-ақ технологиялардан тым көп нәрсе күтілетінін, бұл болашақта қаржыландырудың қысқаруына және инвестициялардың жылыстауына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.
18 қыркүйек 2024 17:00 / Новости Казахстана
Ақмола облысында есепші ірі көлемде қаржы жымқырған
18 қыркүйек 2024 15:23 / Новости Казахстана
Қазақстанға қай елдерден туристер көп келеді
18 қыркүйек 2024 14:34 / Новости Казахстана
7 сынып оқушысы А.Байтұрсынұлы туралы мобильді қосымша жасап шығарды
18 қыркүйек 2024 14:00 / Новости Казахстана
Биыл 583 мыңға жуық көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылды
18 қыркүйек 2024 13:00 / Новости Казахстана
Түркістан облысында ЖРВИ жұқтырғандар саны 43,6 пайызға жетті
18 қыркүйек 2024 12:00 / Новости Казахстана