Наурызға орай мерекелік пойыздар жолға шықты

19 наурыз 2024 10:00 / Новости Казахстана

Қазақстанда Наурыз мейрамы қарсаңында этникалық стильде безендірілген мерекелік пойыздар салтанатты түрде сапарға аттанды. Осы оқиғаға орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ елорда вокзалының перронында жолаушыларға шағын тосынсый ұйымдастырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Жолаушыларды қазақ домбырасының үнімен қарсы алып, наурыз көже мен бауырсақтан дәм татқызды.

Мерекеге орай безендірілген пойыздар наурыз айының соңына дейін «Астана-Алматы», «Астана-Шымкент» және «Астана-Павлодар» бағытында қатынайтын болады.

Серіктес жаңалықтары