Өгей әкесі мен туған шешесі ұрған қыз ауруханаға түсті

28 қараша 2023 14:30 / Новости Казахстана

Петропавлда өгей әкесі мен туған анасы ұрып-соққан жеті жасар қыз ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полицейлер «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабымен тергеп жатыр.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл полиция басқармасының бірінші полиция бөліміне облыс орталығындағы орта мектептердің бірінің медицина қызметкері 2-сынып оқушысын ұрып-соғу фактісін анықтағанын хабарлаған.

ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша Петропавл полиция басқармасында аталмыш іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қыз бала облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр.

Кәмелетке толмаған баланы 26 жастағы анасы мен 33 жастағы өгей әкесі ұрып зақым келтірген. Олар өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары