Олимпиада чемпионы әке атанды

31 шілде 2024 17:23 / Новости Казахстана
Фото: b1rinshibol

Қазақстан спорт тарихында жүзуден Олимпиаданың жалғыз чемпионы Дмитрий Баландин балалы болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазған. 28 шілдеде дүниеге келген қыз баласына Оливия деген есім қойған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Баландин Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиада жеңімпазы.

Төрт жыл сайын өтетін басты спорт додасының бірінде, нақты айтқанда 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған еді.

Ол 2022 жылы спорттағы мансабын аяқтаған, сол жылы отбасын құрды.

Серіктес жаңалықтары