Оралда жылу құбыры жарылып, мекеме жылусыз қалды

13 желтоқсан 2023 15:53 / Новости Казахстана

Орал қаласында жылу құбыры жарылып, халық шығармашылығы орталығы жылусыз қалды, - деп хабарлайды Arbat.media

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, 13 желтоқсан күні қалалық құбыр жүйесіндегі апаттық жағдайға байланысты Ю.Гагарин көшесі 105/3-мекенжайында орналасқан облыстық халық шығармашылығы орталығы уақытша жылудан ажыратылды.

Себебі — 1970 жылдары салынған құбыр ескірген. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов оқиғаны растап, аталмыш мекемеде 43 адам жұмыс істейтінін жеткізді.

«Жылу жоқ болған соң электр жылытқыш қосып отырмыз», — дейді қызметкерлер.

Сондай-ақ әлеуметтік желіде тұрғындар кейбір мектептер мен балабақшалар салқын екенін хабарлап, салдарынан балалар ауырып жатқанын жазып жатыр. 

Осыған байланысты Орал қаласы білім бөлімінің баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары