Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады

18 маусым 2024 10:00 / Новости Казахстана

Білім беру саласын цифрландыру жұмысы белсенді түрде жалғасып жатыр. Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті. 

Қазіргі уақытта мобильді қосымшада биылғы жылғы түлектердің аттестаттары қолжетімді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Алдыңғы жылдардағы түлектердің аттестаттарын толық цифрландыру 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:

2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары;

2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары;

2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап сұраныс бойынша 1991 жылға дейін берілген аттестаттар цифрлық формата қолжетімді болады.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғасуда:

2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар;

2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.

Бұл түлектер мен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау және білім беру құжаттарына қолжетімділікті оңайлатуға бағытталған қадам.

Серіктес жаңалықтары