Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті

17 қараша 2023 13:00 / Новости Казахстана

Өскеменде ер адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform жариялады.

Оқыс оқиға 15 қараша күні қаладағы Шәкәрім даңғылында болған.

Асфальт үстінде қимыл-қозғалыссыз жатқан ер адамды байқаған куәгерлер полицияға хабар берді.

Алдын ала дерек бойынша, азамат екіқабатты тұрғын үйдің шатырында өлшеу жүргізіп жатқанда абайсызда құлап кеткен.

«Бұл дерек белгіленген тәртіппен тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. 31 жастағы жәбірленуші ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары