Отандастарымыз әлемнің 36 елінде қылмыстық жауапкершілікке тартылды

15 қаңтар 2024 14:12 / Новости Казахстана

Былтыр 673 отандасымыз шетелде қылмыс жасап, жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

Ведомствоның нақтыланған мәліметіне сәйкес, Ресейде – 355, Польшада – 89, Қырғызстанда – 69, Кореяда – 25, Өзбекстанда – 21, Грузияда – 16, Италияда – 12, Германияда – 9, Беларусьта – 8, Тәжікстанда – 8, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 8, Украинада – 8, Моңғолияда – 6, Қытай Халық Республикасында – 5, Латвияда – 5, Мысырда – 3, Сауд Арабиясында – 3, Ұлыбританияда – 3, Түркияда – 3, Арменияда – 2, Мажарстанда – 2, Гонконгта – 2, Чехияда – 2, Австралияда – 1, Австрияда – 1, Әзербайжанда – 1, Болгарияда – 1, Грекияда – 1, Испанияда – 1, Тайландта – 1, АҚШ-та – 1 және Францияда бір отандасымыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары