Отандасымыз халықаралық байқаудың бірінші жүлдесін иеленді

31 қазан 2023 20:32 / Новости Казахстана

Атыраулық суретші Назерке Ищанова Испанияда өткен халықаралық байқаудың бірінші жүлдесін иеленді. Ол салтанатты марапаттау рәсіміне шақырту алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.

Назерке Ищанова «Атырау-Ақпарат» ЖШС-да баспа дизайнері болып жұмыс істейді.

Түрлі картинаны электронды қаламмен планшетке салады.

Биылғы қыркүйекте Испанияда өткен суретшілердің «Усы Дали» байқауының «Digital Painting» номинациясына өз туындысын жіберген. 

«Бұл байқауға жаһанның 60 елінен 150 суретші қатысты. Мен 26-35 жас аралығындағы үміткерлер тобына «Все начинается с инициативы одного человека» атты суретімді жіберген едім. Қазан айының басында суреттің тексерілгені, байқауға қабылданғаны туралы хабар алдым. Ал кеше халықаралық конкурс қорытындысы бойынша бірінші жүлдені иеленгенімді хабарлады», - дейді Назерке Ищанова.

Халықаралық байқаудың салтанатты марапаттау шарасы Испанияның Косто-Брава курортты аймағында алдағы жылдың наурыз-сәуір айында өтеді. Атыраулық суретші аталған шараға шақырту алды. 

Қазір оның жеке қорында 50-ден астам тарихи картина бар. Тарихи шығармаларды оқығанды, ұлт зиялылары мен батырларының, Алаш арыстарының өмірін, еңбегін зерттегенді ұнатады.

Серіктес жаңалықтары