Отбасындағы зорлық-зомбылық: 111 — шұғыл желі

18 қазан 2023 11:19 / Новости Казахстана

Отбасындағы зорлық-зомбылық пен балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселелеріне арналған «111» бірыңғай байланыс орталығы шұғыл нөмірлер қатарына енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева және «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек үшжақты меморандумге қол қойды.

Келісімге сәйкес, «111» нөмірі «101», «102» және «103» шұғыл нөмірлерімен қатар бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына айналып, әрбір азамат үшін тәулік бойы және тегін көмек береді.

 

Автор
Серіктес жаңалықтары