Пәтерде қамалып қалған үш жасар қыз құтқарылды

25 қаңтар 2024 10:00 / Новости Казахстана

24 қаңтар құтқарушыларға 2020 жылы туған баланың анасы жүгініп, пәтерде қамалып қалған үш жасар қыз құтқарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Алматы облысы Қаскелең қаласында анасы кіреберіске кілтсіз шыққан кезде кішкентай қыз кездейсоқ есікті iшiнен құлыптап алған.

«Жаңа есікті бұзбас үшін альпинистік жабдықтың көмегімен пәтерге терезеден кірді.  аБүлдіршінді анасына тапсырдық, балаға медициналық көмек қажет болған жоқ» - деді құтқарушылар.

Серіктес жаңалықтары