Павел Дуров Қазақстан жайлы: Сұлулығынан амбициясы асып түседі

15 шілде 2024 1:40 / Новости Казахстана
Фото: t.me/durov

Кәсіпкер, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға сапарынан алған әсерін бөлісті. Оның айтуынша, 20 млн қазақстандықтың 12,5 миллионы ай сайын Telegram пайдаланады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. «Біз қазақ халқының негізгі коммуникациялық алаңы бола алғанымызды мақтан етеміз және оның жылдам экономикалық және цифрлық трансформациясын жеделдететін құрал болып қала береміз деген үміттеміз» дейді бизнесмен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Жақында Орталық Азияның экономикалық қуатты орталығы — Қазақстаннан оралдым. Айбынды Астанада, жарқ-жұрқ еткен Алматыда, көркем Бурабайда және табиғаты тамаша Шарын шатқалында болдым. Қазақстанның сұлулығынан оның амбициялары ғана асып түсе алады. Ел бизнеске жайлы саясаты мен қолайлы салығы арқылы халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарды өзіне тартады. Ол сондай-ақ инновациялық мектептер мен университеттерді қолдау арқылы білім мен ғылымдағы жетістіктерін еселеп отыр»,-деп жазды Павел Дуров Telegram парақшасында.

Серіктес жаңалықтары