Павлодар облысының 33 ауылында әлі жарық жоқ

20 қараша 2023 15:10 / Новости Казахстана

Қатты дауылдан кейін Павлодар облысының кей ауылдарында электрмен жабдықтау әлі қалпына келмеді. 33 елдімекен тұрғындары екінші күн қатарынан жарықсыз отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Павлодар облысында қарашаның 18-нен 19-на қараған түні желдің ұйытқуы секундына 37 метрге жетті.

Коммуналдық қызмет әлі де дауылдан зақым келген жерлерді қалпына келтіріп жатыр.

Сол түні әуелде есептелгеннен көбірек ғимарат шатырсыз қалғаны белгілі болды.

— Жалпы 183 ғимараттың шатыры ұшып кеткен. 117 елдімекенде электр энергиясы сөнді. Қазіргі уақытта оның 84-і қалпына келтірілсе, 33 ауыл әлі де бақылауда тұр, — деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары