Павлодарда бір жарым жасар бала терезеден құлап кетті

19 сәуір 2024 12:07 / Новости Казахстана

Бала тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлаған. Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні шұғыл түрде ауруханаға жеткізіп, қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға кеше кешкілік болған.

«Жәрдем стансасына 18 сәуір күні сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабарлама келіп түсті. Медициналық бригада 6 минутта жетті. Бала бір жарым жаста. Бас миының жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», деп мәлімдеді жедел жәрдем қызметінен.

Серіктес жаңалықтары