Павлодарда кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен

11 қыркүйек 2024 16:34 / Новости Казахстана
Фото: Pixabay

Жас жігіт өзінен кіші әрі 16 жасқа толмаған қызды төсек қатынасына тартқаны үшін айып арқалады. Әрі ол қылмыс жасау кезінде өзі де 18-ге толмағаны анықталды. Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Азамат К. өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жәбірленуші тарап жыныстық қатынас ерікті түрде болғанын түсіндіріп және К. қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмағандықтан бас бостандығынан айырмауды сұрады.

- Жігіттің кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген өзге де дәлелдемелермен дәлелденді.

Қылмыс ауырлығы орташа қылмыстар санатына жатады және бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны да көздейді. Қылмыс жасаудың мән-жайын және қылмыс жасаған кезде кәмелетке толмағанын ескере отырып, К.-ға 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Себебі Қылмыстық кодекстің 81-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандарға ауырлығы орташа қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру тағайындалмайды, - деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.

Ер азамат екі жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары