Павлодарлық полицейлер 7 жасар қызды іздестіріп жатыр

18 қараша 2023 13:59 / Новости Казахстана

Павлодарлық полицейлер 7 жасар қызды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media..

Бұл туралы арыз Екібастұз полициясына кеше 21:15-те келіп түсті, деп хабарлайды polisia.kz. 

Полицияның жеке құрамы баланың жоғалып кетуі туралы ақпарат жергілікті чаттар арқылы таратып, іздеуге Vita еріктілер мен тұрғындарды біріктірді. 

39 жастағы әйел үш баласымен демалыс күндері ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығындағы жұбайына бармақ болған. Қызы Милана сонда барудан бас тартып, үйден шығып кеткен. Ауыл тұрғындары қызды ауылдан 1,5 км қашықтықта орналасқан бөлімшеде көрген.

Полиция осы факті бойынша қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны бойынша хабарлауды сұрайды.

Давыдова Милана, 2015 жылы туған, Қоянды ауыл округінің Бесқау ауылындағы мектептің 3 сынып оқушысы.

Бойы 128-130 см, арық дене бітімі, көздері қоңыр, шаштары ақшыл. Үстінде қара күрте, ашық жасыл түсті трико, сұр түсті куртка, қара етік.

Серіктес жаңалықтары