Петропавлда колледж студентін пышақтап кетті

16 қаңтар 2024 10:00 / Новости Казахстана

Петропавлда 17 жастағы жасөспірім жанжалдасып тұрғанда пышақ жарақатын алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше болған.

Петропавлдағы колледждердің бірінің жатақханасында оқушылар спирттік ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласқан.

Соның салдарынан 17 жастағы жасөспірім қолынан пышақ жарақатын алған.

«Ұрыс-керіс құрдастар арасында шыққан. Олардың барлығы бірінші курс оқушылары. Қазіргі уақытта Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Болашақта осындай фактілер қайталанбас үшін барлық тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген баспасөз хабарламасында. 

Серіктес жаңалықтары