Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды

16 маусым 2024 17:24 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.

Осыған дейін күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесі басталғанын жаздық.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Серіктес жаңалықтары