Қайрат Боранбаевтың тәркіленген мүлкі мемлекетке өтеді

4 қазан 2023 13:05 / Новости Казахстана

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қайрат Боранбаевтың тәркіленген мүлкі қайда бағытталатынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Заңсыз шығарылған активтерді қайтару заңы қабылданды. Осы заң аясында біз жақында арнайы компания құрдық. Енді бұл мәселелерге олар басшылық етеді. Қажет болса, біз ақшаны басқаруға береміз немесе мүлікті өткізіп, ақшаны арнайы шотқа аударамыз. Егер бұл әрекет (Қайрат Боранбаевтан тәркіленген мүлік – автор түсіндірмесі) аталған заңға қатысты болмаса, онда процесстік шешім бар. Тиісінше одан соң мүліктер мемлекетке өтеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Қайрат Боранбаевтың 90 млрд теңгеден асатын активтері мемлекетке қайтарылғанын айта кетейік. 

Автор
Серіктес жаңалықтары