Мешіттерде ұрлық жасаған Алматы тұрғыны сотталды

28 мамыр 2024 9:00 / Новости Казахстана

Өткен жылдың қысында жас жігіт келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, намаз кезінде қараусыз қалдырған жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жас жігіт оқиға кезінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сот отырысы барысында азамат «Т» кінәсін мойындады, бірақ миллиондаған шығынды өтемеді. Сот, ұрлықшыға, қауіпсіздігі орташа мекемеде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — делінген хабарламада, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Түрксіб ауданының прокуратурасы ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты азаматтарды, өз мүліктерін қараусыз қалдырмай мұқият болуға шақырады.

Серіктес жаңалықтары