Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

1 ақпан 2024 20:31 / Новости Казахстана

Қарағанды облысының полицейлері жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

"Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен, "жедел жәрдем" жүргізушісіне бұзақылық әрекетпен қасақана зиян келтірген 36 жастағы күдіктіні ұстады”, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бұзақы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда.

27 қаңтарда ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.

Серіктес жаңалықтары