Qarmet жұмысын жаңғыртуға 35 млрд теңге бөлмек

11 қыркүйек 2024 17:07 / Новости Казахстана
Фото: Akorda

Qarmet металлургия комбинатының жұмысын қайта жандандыру бағытында стратегия әзірленіп жатыр. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Кожиков мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Qarmet акционерлері мен Үкімет арасындағы келісім шеңберінде компанияның өндірісті жаңғырту және қайта құру жөніндегі міндеттеме нақтыланды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Осылайша өндірісті жаңғырту үшін 35 млрд теңге бөлу міндеті жүктелді. Соңғы 6 ай ішінде компаниямен бірлесіп өндірісті жаңғырту жөніндегі стратегияны әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған стратегия біздің министрлік, Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да тиісті ведомстволармен келісілді», - деді Ерболат Кожиков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысының айтуынша, аталған кәсіпорын жұмысын жаңғыртуға арналған стратегия жақын арада бекітіледі.

 

Серіктес жаңалықтары