Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

25 қазан 2023 11:30 / Новости Казахстана

Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.

 

Фото: Ақорда

Серіктес жаңалықтары