«Қазақфильмде» фильм түсіруге бөлінген 400 млн теңге ұрланған

20 желтоқсан 2023 11:23 / Новости Казахстана

Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Алдын ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары