Қазақстан асыл тұқымды қойларды Моңғолияға экспорттайды

14 қыркүйек 2024 19:45 / Новости Казахстана
Фото: Pexels

ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м. а. Самат Төлегенов Моңғолия ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесті. Кездесуде ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, соның ішінде Қазақстаннан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттау мәселесі талқыланды. Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификатты келіскен болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қыркүйек айының басында Моңғолия өкілдері Түркістан облысының шаруашылықтарына ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі бойынша тексеріс және тәуекелдерді бағалау жүргізді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ветеринариялық қызметтің құрылымы мен елде жүргізіліп жатқан ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар оң бағаланды.

Тараптар ветеринарлық бақылау және бағалау комитеті мен Моңғолияның бас ветеринария басқармасы арасында өзара ынтымастық туралы жаңа меморандум жобасын талқылап, ветеринариялық мамандар мен ұлттық ветеринариялық зертханалар қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға келісті.

Серіктес жаңалықтары