Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын қолдайды

14 қаңтар 2024 23:42 / Новости Казахстана

Сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы сайлау қорытындысына қатысты пікір жариялады — Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын қолдайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет. Ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды. Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Тайваньдағы президент сайлауында биліктегі Демократиялық прогрессивті партияның (ДПП) кандидаты Лай Циндэ жеңіске жеткен болатын. Тайванда сонымен бірге заң шығарушы юанға (Парламентке) сайлау өтті.

Серіктес жаңалықтары