Қазақстан нарығына жаңа шетелдік интернет байланыс операторлары кіреді

17 қараша 2023 18:23 / Новости Казахстана

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитеті Сымсыз байланыс жобаларды дамыту және мониторингілеу басқармасының басшысы Олжас Кабенов ауыл мектептерін Starlink интернет желісіне қосу процесі туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Бұл жүйеге ауылдарды емес, тестілік режимде мектептерді қостық. 10 ауыл мектебі SpaceX компаниясының Starlink технологиясы арқылы тестілік режимде кең жолақты интернетке қосылды», - деді О. Кабенов. 

Бұл тұрғыда ол Starlink-тен басқа OneWeb және SES сияқты операторлар бар екенін еске салды.

«OneWeb және SES компаниялары алдағы жылдан бастап еліміздің аумағында қызмет етуді жоспарлап отыр», - деді комитет өкілі.

Серіктес жаңалықтары