Қазақстан Ресейге 106 тауар түрін шығаруды шектеген

19 қазан 2023 13:58 / Новости Казахстана

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Ресей мен Украина қақтығысы басталғалы Қазақстан РФ аумағына қандай тауарлар экспортын тоқтатқанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Барлық тауарды экспортқа шығарып жатырмыз. Тек Ресейге соғысқа қатысты экспорттық тауарларды шектедік. Бұл тізімге 106 түрлі тауар енді. Экспортқа мүлдем тыйым салдық».

Вице-министр аталған өнімдердің арасында қақтығыс кезінде қарудың бөлшегі ретінде пайдалануға болатын тауарлар шектелгенін нақтылады.

«Соғысқа қатысты тауарлар. Осы өнімдер Ресейге шығарылмайды. Соның арасында қақтығыс кезінде қолданылатын дрондар, арнайы электроника, чиптер және басқа да құрылғылар бар».

Аталған 106 тауар Қазақстанда өндірілмейді. Бұрындары бұл өнімдер еліміздің аумағы арқылы экспортқа шығарылған. Қазір осы тауарлар елімізге импортталғанымен, Ресейге шығарылмайды.

Автор
Серіктес жаңалықтары