Қазақстанда телеарналар мен радио жұмысы бір күнге тоқтатылады

11 мамыр 2024 9:00 / Новости Казахстана

Еліміздегі телеарналар мен радионың жұмысы бір күнге тоқтайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, биыл 15 мамырда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», — делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары