Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппараттар жасалып жатыр

2 наурыз 2024 17:00 / Новости Казахстана

Елімізде пилотсыз аппараттар (дрондар) жасап шығару жобасы қолға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

«Қазақстан инжиниринг «Research & Development орталығы» ЖШС экономикалық қызметтің түрлі салаларының қажеттіліктері үшін отандық пилотсыз авиациялық кешендер өндіру жобасын қолға алды. Онда заманауи пилотсыз кешендер жасалуда», — деп хабарлады министрлік.

Аталған дрондар төтенше жағдайларды анықтау, мұнай және газ құбырлары өтетін аумақтардың жай-күйін бақылау, браконьерлікпен күресу және жануарларды есепке алу үшін қолданылады.

Одан бөлек, мемлекеттік шекараны бақылау, электр беру желілері мен ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйін мониторингтеу үшін де пайдаға асады.

Серіктес жаңалықтары