Қазақстандық миллиардер ағылшын футбол клубының иесі атанды

5 мамыр 2024 19:58 / Новости Казахстана

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» клубы акциясының бақылау пакетін сатып алды. Клубтың ресми ресурстары Ағылшын футбол лигасы (EFL) мақұлдағаннан кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков пен Дэн Райс клубтың директорлар кеңесінің құрамына кірді, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Sports.kz жария етті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ломтадзенің иелігіндегі Blue Ocean Partners II Limited компаниясына «Уиком Уондерерс» клубы акцияларының 90 пайызы тиесілі екені айтылған.

Айта кетейік, «Уиком» 1 ағылшын лигасында (ағылшын клубының үшінші дивизионы) өнер көрсетеді. Клубтың ең жоғары нәтижесі Ағылшын кубогының 2000-01 маусымдағы жартылайы финалына дейін жетуі болды.

 

Серіктес жаңалықтары