Қазақстанға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен келеді

11 қыркүйек 2023 14:26 / Новости Казахстана

Қарашада айында елімізге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті.

«Биыл 3 қарашада жоспарланған Түркі мемлекеттер ұйымының саммитіне президент Режеп Тайып Ердоған мырзаның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы деп айта аламыз», - деп мәлім етті Мұрат Нұртілеу.

Серіктес жаңалықтары