Қойларды қырып кеткен иттер ме әлде сілеусін бе?

26 желтоқсан 2023 16:23 / Новости Казахстана

Қойларды қырып кеткен иттер ме әлде сілеусін бе? Аталған оқиғаға қатысты Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов пікір білдірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы МТРК сайты жариялады. 

Айыртау ауданы мал шаруашылығы кешендерінің бірінен өлген 44 қой табылып, жедел-тергеу тобы шақырылған. Мамандар тексеру кезінде тіс пен тырнақ іздерін анықтаған. Көбінің көмей тұсы зақымданып, бір қой жартылай желінген. Полицейлер оқиға орнынан жарты шақырым тұстан сілеусіндікіне ұқсас іздер табылғанын жариялаған.

Алайда аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы аталған қорытындыны теріске шығарды.

Олег Беспаловтың айтуынша, облыс аумағында сілеусін мекендейді. Санақ кезінде анықталғандай сілеусіндердің саны шамамен 40-тан астам. Жыртқыштар үшін ормандарда тамақ жеткілікті, оның үстіне сілеусін қанішер аң емес, олар бұлай шабуыл жасамайды. Қойларды қырған өзге жануар, ит те болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары