Қонаев қаласында граната жарылып, екі полицей жарақат алды

16 мамыр 2024 13:00 / Новости Казахстана

Қонаев қаласында оқу-жаттығу кезінде граната жарылған. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

БАҚ беттерінде оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің бірі граната лақтырып, соның салдарынан екі полиция қызметкерінің жараланғаны туралы ақпарат тарады. Аталған жағдайға байланысты Алматы облысының Полиция департаменті мәлімдеме жасады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

- Оқу полигонында жаттығу сабақтары кезінде жарық-шу гранатасы пайдаланылып, облыстық департаменттің екі қызметкері дене жарақатын алғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде олардың біреуі қалалық ауруханаға жатқызылды - деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаментінен.

Серіктес жаңалықтары