Қонақ үй кассасынан ақша ұрлап кеткен елордалық ұсталды

28 мамыр 2024 0:04 / Новости Казахстана

Астанада қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрланды. Астана ПД Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізгенде 28 жастағы қала тұрғынын анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Анықталғандай, ер адам түнгі уақытта есігі ашық қалған қонақ үйді байқаған, күзетшінің және әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен. Қомақты соманың жартысын керегіне жаратып үлгерген.

«Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, күдікті кінәсін мойындады. Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған тағы екі ұрлық фактісіне қатысы бар екені анықталды», делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары