Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді

27 шілде 2024 16:14 / Новости Казахстана
Фото: pexels.com

ҚР ЭМ Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, Рудный аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жерасты дүмпулерін қала тұрғындары да сезілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ресми мәлімдемеде жер сілкінісінің 2024 жылдың 27 шілдесінде таңғы сағат 9:54-те болғаны айтылған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

– Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 52,81 градус, шығыс бойлық 63,28 градус. Магнитудасы mb=3,9. Энергетикалық класс К=9,4, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары