Қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген қылмыскерлер сотталды

15 желтоқсан 2023 10:12 / Новости Казахстана

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылында қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген, - деп хабарлайды Arbat.media

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқаби құрамымен айыпталушыларға қатысты үкім шығарды.

9 сынып оқушысының жерлестері «1 миллион теңге бермесең, желіге жалаңаш бейнеңді жүктеп жібереміз» деп қорқытқан. Кейіннен қызды пышақтап, денесін суға ағызып жіберген.

Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқаби құрамымен қос жасаушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен негізгі айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 10, 14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал сыбайласы Қылмыстық кодекстің 434-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Алқабилер шығарған үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Серіктес жаңалықтары