Қызылордада жастар арасында төбелес болды

8 мамыр 2024 19:10 / Новости Казахстана

Қызылорда қаласында болған жастардың жаппай төбелесі жайында полиция түсініктеме берді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қызылорда облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

«Полиция қызметкерлері жастардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл қойды. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қатысушылар жеткізіліп, тергеу жүргізілуде. Медициналық мекемеге жүгінгендер болған жоқ», - деп атап өтті департаменттен.

 

Серіктес жаңалықтары