Ресейден әкеле жатқан химикат күмән тудырды

28 қазан 2023 12:00 / Новости Казахстана

Атырауда Ресейден әкеле жатқан химикатқа берілген қорытынды күмән тудырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Құрманғазы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы Ресейден келе жатқан жүк көліктегі тауардың арасында химикат болғанын анықтаған.

«Қазақстан мен Ресей мемлекеттік шекарасындағы экспорттық-шекаралық бақылау аймағында Volvo көлігі Волгоград облысынан Қазақстандағы Павлодар облысына бара жатқан. Кедендік бақылау жүргізіп, көлік құралындағы тауар ішінен салмағы – 5600 келі, бағасы – 2 302 300 теңге «Собиратель DSB» химикатын анықтады. Ол индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы №424 бұйрығымен бекітілген «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» тізімге кіреді. Сол себептен СЭҚ ТН коды бойынша өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды тексерілді», - деп хабарлады Айбек Саспанов.

Оның айтуына қарағанда, осы қорытындыға байланысты күмән туындаған. Сол себептен қорытындының жалған, не жалған еместігін анықтау, процессуалдық шешім қабылдау тиісті материалдар Құрманғазы аудандық полиция бөліміне жолданды. 

Серіктес жаңалықтары