Сайрам ауданында жасөспірімнің өлі денесі табылды

24 мамыр 2024 13:23 / Новости Казахстана

Бірнеше күн бойы үйіне келмеген ұлдың жағдайына алаңдаған туыстары полиция шағымданған. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қазір тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сараптама тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды», - делінген ведомства тарапынан таратылған ақпаратта, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында сәбидің өлі денесі табылғанын жазған болатынбыз. Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен.

Серіктес жаңалықтары