Шаштаразда шыққан өрттен 40 адам құтқарылды

19 ақпан 2024 10:00 / Новости Казахстана

Қызылорда қаласында шаштаразда шыққан өрттен көп қабатты үйдегі 40 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 11-і бала, - деп хабарлайды Arbat.media.

18 ақпанда Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан шаштаразында өрт шыққаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

«Төтенше жағдайлар департаменті күшімен баспалдақ арқылы 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 11 бала. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері 9 бірлік техникасымен жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

 

Серіктес жаңалықтары