Шавкат Рахмонов келесі қарсыласын таңдады

9 маусым 2024 21:34 / Новости Казахстана

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) австралиялық Джек Делла Маддаленаның (17-2) жарақаты туралы хабардан кейін келесі жекпе-жегін кіммен өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«DDM жарақат алды, ал Усман мен Колби қаламай тұр. Мен Леон мен Белал жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге дайынмын», - деп жазды Рахмонов Twitter-де.

Естеріңізге сала кетейік, ағылшындық Леон Эдвардс (22-3) –жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы.

Оның америкалық Белал Мұхаммедпен (23-3) жекпе-жегіне букмекерлік кеңсе келесі коэффициент ұсынады: спортшылар 28 шілдеде Манчестерде (Англия) өтетін 304-ші UFC турнирінің хедлайнері болады, деп жазды Sports.kz.

Серіктес жаңалықтары