Сахнада бейәдеп сөз айтқан әртістер жазаланады

17 мамыр 2024 13:34 / Новости Казахстана

Мәдениет және ақпарат министрлігі сахнада бейәдеп сөз айтып, ерсі қылық танытқан әртістерді жауапкершілікке тартуды ұсынды. Министрліктің бұйрығы көпшілік талқысы үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұйрық мәтінінде мәдени-бұқаралық іс-шаралар барысында көрермендерге орынсыз, әдепсіз, дөрекі, балағат сөздерді айтқан өнер адамдарына айыппұл салу көзделгені жазылған.

Сондай-ақ ішімдік ішкен немесе психотроптық заттардың, олардың баламалары мен прекурсорларын қолданған әртістерге - жеке тұлғаларға 150 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), заңды тұлғаларға 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны көрсетілген.

Егер сахнадағы ерсі қылық 1 жыл ішінде тағы қайталанса, айыппұл көлемі - 200 АЕК-ке, заңды тұлғалар үшін 600 АЕК-ке дейін артады.

Серіктес жаңалықтары