Семейде 13 жасар оқушы қыз табылмай жатыр

24 ақпан 2024 11:00 / Новости Казахстана

Абай облысы полиция департаменті жоғалған қызға іздеу салды. Облыс орталығының тұрғыны Наргиз Өнерқызы Бағдатбекова 23 ақпан таңертеңгі 10:00 шамасында Семей қаласы Восточный правый, 4287 мекенжайындағы үйінен шығып кетткен қайтып оралмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқушы қыз 2011 жылы туған, кәмелетке толмаған.

Белгілері: шашы қара, көзі қоңыр. Бойы: 150-155 см. Арық денелі.

Киген киімі: қысқа қара күрте, қара бас киім, қара шалбар, аяғында қара түсті аяқ киім, қара түсті рюкзагы бар.

Қандай да бір хабары бар адам 102 нөміріне қоңырау шалғаны жөн.

 

Серіктес жаңалықтары