Семейде балабақша өртенді

17 ақпан 2024 20:17 / Новости Казахстана

Бүгін кешкі сағат 17.37-де Абай облысы ТЖД 101 пультіне Семей қ., Павлов к.,балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

Өрт сағат 18.05-те оқшауланды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 бірлік техника жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары