Щучьеде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

11 ақпан 2024 19:39 / Новости Казахстана

Щучье қаласында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ер адам ұсталып, үстінен іс қозғалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Биылғы жылғы ақпанның 10-да Ақмола облысы ПД қызметкерлері Щучье қаласында жанар-жағар құю станциясында жедел жәрдем автокөлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын салған ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 27 қаңтарда ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.

1 ақпан күні Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды.

Серіктес жаңалықтары