Сианьнан Алматыға туристік пойыз қатынайды

30 сәуір 2024 13:12 / Новости Казахстана

ҚТЖ «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдері мен Сиань қаласының (ҚХР) үкіметінің делегациясы Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын шығаруды ұйымдастыру мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Туристік пойыз Үрімші – Алматы-2 бағытындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша «Қорғас-Алтынкөл» шекара өткелінен өтеді.

«Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн болады. Осы уақыт ішінде Қазақстан тарапы жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдеседі», деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары